RU
Қазақстанда халық санағы қашан өтпек

Қазақстанда халық санағы қашан өтпек

Рассказать Вконтакте

ҰЭМ-ге қарасты статистика комитеті әлеуметтік желілерде Алматы қаласында халық санағы деп тұрғындарды алдап жүрген алаяқтарға қатысты қауесеттерге байланысты аталмыш үрдіс елімізде қашан өтетінімәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

ҰЭМ-қарасты статистика комитетінде кезекті халық санағы осы жылдың қазан айына жоспарланып қойғанын хабарлады. Үрдіс бір ай бойы жүргізіледі.

Айта кету керек, алдағы халық санағы тәуелсіз Қазақстан үшін үшінші мәрте болмақ: алғашқысы 1999 жылы, екіншісі 2009 жылы өткен.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы полициясы әлеуметтік желілерде оңтүстік астанада тұрғындарды халық санағы деп алдап жүрген алаяқтар туралы ақпарат тарап кеткенін хабарлаған болатын.

Құқық қорғау органдарыаталмыш ақпаратты шындыққа жанаспайтынын айтып, әзірге ешбір алматылық полицияға жүгінбегенін мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға сенімсіз дереккөздерге сенбей, жалған ақпараттарды таратпауға шақырды. Олар тек мемлекеттік органдар ұсынған ресми ақпаратқа ғана сенуге болатынын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel