Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда оқушыны жүз мың теңгеге сату оқиғасы: полиция тергеу бастады

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Круглоозерное елді мекеніндегі оныншы сынып оқушысының анасы БАҚ беттеріне берген үндеуіне қатысты пікір білдірді. Келіншектің сөзінше, ұлын ұрып-соғып, оны жүз мың теңгеге сату жөнінде хабарландыру жариялап, оқушыны ар-намысын таптады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Зачаган полиция бөлімінде бірінші оқиға 2019 жылы қыркүйек айында орын алғанын мәлімдеді. Оқушылар арасындағы келіспеушілік төбелеске ұлассын. Нәтижесінде бір оқушы екіншісінің үш қабырғасын сындырып тастаған.

"Баланың анасы полицияға арыз жазған. Судмедсараптама адам денсаулығына орташа деңгейлі зиян келтіргенін анықтады. Іс өндірісте тұр. Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 107 бабы бойынша жалғасатын болады" , - деді Зачаган полиция бөлімінің басшысы Тимур Айтұғанов.

Оқушының анасы хабарлаған оқиға да назарсыз қалмады. Ұл баланың суреті мен оның жүз мың теңгеге сатылатыны жайлы хабарлама әлеуметтік желілерде 2020 жылдың қаңтар айының соңында жарияланған.

"Аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 274 бабы "Жалған ақпарат тарату" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Біз авторды іздеу үстіндеміз. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылмақ" , - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840008-oralda-okusyny-zz-my-tegege-satu-okigasy-policia-tergeu-bastady/

pixel