RU
Жамбыл облысының полициясы жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді

Жамбыл облысының полициясы жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі қолданушылары Жамбыл облысындағы Масанчи ауылындағы жаппай төбелестің видосымен бөлісіп жатыр. Өңірлік полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Жаппай төбелес пен тәртіпсіздіктің видеолары Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған.

Бейнежазбада атыс, адамдардың айқайы естіліп, өрттің жалыны көрінеді.

Видеодағы жазбаға сәйкес, тәртіпсіздік Жамбыл облысындағы Қаракемер мен Масанчи ауылдарында орын алған.

Өңірлік полиция департаменті келіспеушілік Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында болғанын мәлім етті.

Жаппай төбелестің себебі әзірге белгісіз, анықталған жоқ.

Полиция бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен қатысқандарың кім екенін анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта ауылдастар арасындағы келіспеушілік тоқтатылды. Оқиға полицияның бақылауында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel