RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желіде қызу талқыланып жатқан Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Президент бұзақылық салдарынан орын алған төбелесті араңдатушылар қолданып қалғысы келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қазақстан президенті оқиғаға қатысты жазбаны өзінің Twitter парақшасында жариялаған.

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады" - деп жазды мемлекет басшысы.

Президент ауылдағы жаппай төбелес пен тәртіпсіздік бұзақлылар кесірінен орын алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл оқиғаны араңдатушылар қолданып қалғысы келген. Қазіргі таңда, оқиға құқыққорғау органдарының жіті бақылауына алынды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдастар арасындағы келіспеушілікті туындатқан кінәлілердің барлығы жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Айта кетейік, Масанчи ауылы тұрғындарының арасындағы келіспеушілік жетінші ақпан күні орын алған. Желіде оқиға орнынан видео белсенді түрде тарап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel