Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем халқын алаңдатқан коронавирусты жұқтырғандар саны 34 мыңға жеткен

Опубликовано:

ҚХР аумағында тараған коронавирустан қайтыс болғандар мен жұқтырғандарға қатысты жаңа дерек шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/hirarustam
Фото: twitter.com/hirarustam: UGC

Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің ресми мәліметінше, жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 722-ке жеткен.

Ал жұқтырғандар 34,5 мыңнан асқан. Құлан-таза айығып, ауруханадан шыққандар 2050 адамды құрап отыр.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Кейін аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.

Ал 7 ақпанда осы жаңа коронавирус туралы алғаш рет ескерткен Ухань қаласының дәрігері Ли Вэньляннің көз жұмғаны хабарланды.

Сондай-ақ, Таиланд тұрғыны аталмыш вирусты қалай жеңгенін айтып берген еді.

72 жастағы әжейге ешқандай дәрі-дәрмектің қажеті болмаған. Оның ағзасы өз күшімен қауіпті вирусты жеңіп шыққан екен.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Линнань-Гуандун заманауи ауыл шаруашылығы лабораториясының мамандары зерттеу жүргізіп, вирусты таратуы мүмкін жануарды атаған болатын.

Ғалымдар әзірге жабайы жануарларға жоламауға кеңес беріп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840016-lem-halkyn-aladatkan-koronavirusty-zktyrgandar-sany-34-myga-zetken/

pixel