Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол мықты боксшы": Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі жайлы ашық сұқбат берді

Опубликовано:

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер, украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы өткізген жекпе-жегі жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sportarena.com сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко. Фото: instagram.com/gggboxing
Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко. Фото: instagram.com/gggboxing: Depositphotos

Деревянченконың сөзінше, ол тіпті әлі кездесудің видеосын қарамаған.

"Головкинмен жекпе-жек қазіргі таңда менің өмірімдегі ең үлкен жекпе-жек. Бірақ алда әлі талай кездесулер бар. Мен өзімді ол жекпе-жекте жеңілдім деп санамаймын. Дегенмен Головкинмен кездесуді қайта қарап көрмедім. Әлі дайын емеспін, себебі уайымдаймын. Мен тіпті, Джейкобспен және Кулкаймен болған жекпе-жекті толық қарамдым. Эмоциялар пайда болады, уайымдаймын", - дейді Деревянченко Youtube-тағы Физ Культура арнасына берген сұқбатында.

Сонымен қатар боксшы жекпе-жек кезінде Головкиннің соққсынан құлғанын да еске алды.

"Желке тұсымнан соққы болды. Әрине, соққыдан құладым. Головкин үнемі жоғары жақтан соққы жасайды, бұл оның өзіне тиесілі соққылары. Оның Мексикадан бапкерлері осындай әдістерге үйретеді. Егер төреші тоқтатпаса, онда бұлай жасауға болады деген сөз. Менің тарапым шағым түсірмеді. Барлығы эмоцияда болды, жекпе-жек өте тығыз болды. Төрешіге бірнәрсе айтып тұратындай уақыт болмады, негізінен маған нұсқау берді.
Жекпе-жектің жоспары басқаша болатын. Аяқпен көп жұмыс істеп, джебпен тастап, қарсы шабуылға шығуым керек болатын. Жекпе-жекте осыны жасауға тырысқанмын, алайда ол бұрыштарды жауып, мені ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Ол мұның ебін тауып жасай алды. Оған жақындай бастадым және орташа қашықтықта менің қолымнан келе бастады. Өз жоспарымды жүзеге асырған соң тоқтауға болмайтын еді. Кез келген қарсыласпен 12 раундқа дайындалам.
Гена- аңыз. Ол мықты әрі жақсы боксшы. (...). Біздің келісім шартта реванш туралы пункт болған жоқ. Себебі бұл бос тұрған белбеу. Менің Головкинмен өткізген жекпе-жегім үшін алған гонорарым бес миллион доллар. Головкинның қанша тапқанын білмеймін. Жылдың соңында салық төлеймін. Сонымен қатар менеджерге, промоутерге, жаттығу лагеріне беремін. Себебі бұл команда менің үнемі жұмыс істейді", - дейді украиналық боксшы.

Еске сала кетейік, Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 2019 жылдың қазан айында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп, отандасымыздың жеңісімен аяқталған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840029-ol-mykty-bokssy-derevancenko-golovkinmen-zekpe-zegi-zajly-asyk-ajtty-video/

pixel