Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жанжалдан 30-дан аса үй мен 20-дан аса көлікке зақым келген

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында болған жанжалдың салдарынан қанша үй мен нысанға және көлікке зақым келгенін айтты. Ведомство басшысы ұсталған адамдар жайлы да баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлер видеосынан кадр
Куәгерлер видеосынан кадр: Depositphotos

Еліміздің бас полицейінің сөзінше, алдын ала мәліметтер бойынша, аудандағы жанжал салдарынан 30-дан аса үй мен 15 сауда нысанына және 23 көлікке зақым келген.

Сонымен қатар Тұрғымбаевтың айтуынша, жанжал бойынша 47 адам ұсталған. Олардан екі аңшы мылтығы тәркіленген. Тұтқындалғандар полиция бөліміне жеткізілген.

Министр қазір тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы ("кісі өлтіру" және "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу") бойынша жүріп жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, 7 ақпанда, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктің орын алғаны жайлы кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға пікір білдіріп, Жамбыл облысының Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, құзырлы орган полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылғанын, жағдай бақылауда екенін хабардар етті.

Кейін мемлекет басшысы Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Бүгін президент Жамбыл облысындағы ахуалға қатысты тағы да мәлімдеме жасап, оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар екенін айтты.

Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840045-kordajdagy-zanzaldan-30-dan-asa-j-men-20-klikke-zakym-kelgen/

pixel