RU

Қордайдағы жанжал: Жараланған екі тұрғын тікұшақпен Алматыға жеткізілді

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжал кезінде ауыр жараланған екі тұрғын екі тікұшақпен Алматыға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі: UGC

Зардап шеккен тұрғындардың ашық бас сүйек-ми жарақты мен оқ жарақатын алғаны белгілі болды. Олар оңтүстік астанадағы ауруханаға жеткізілген.

Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі: UGC

Еске сала кетейік, 7 ақпанда, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктің орын алғаны жайлы кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға пікір білдіріп, Жамбыл облысының Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, құзырлы орган полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылғанын, жағдай бақылауда екенін хабардар етті.

Кейін мемлекет басшысы Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Бүгін президент Жамбыл облысындағы ахуалға қатысты тағы да мәлімдеме жасап, оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар екенін айтты.

Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Сонымен қатар жанжал салдарынан 30-дан аса үй мен 15 сауда нысанына және 23 көлікке зақым келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1840057-kordajdagy-zanzal-kezinde-zaralangan-eki-trgyndy-tiksakpen-almatyga-zetkizbek.html