Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүлдіріп алу оңай": Байбек Қордайдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елді шулатқан Қордайдағы қанды оқиғаға байланысты пікір білдіріп, елді татулыққа шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо
Фото: web.facebook.com/baibekbk: Facebook

Елімізде болып жатқан жағдай туралы Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады.

Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлық танытқанымыз жөн.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды.

Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі халқымызға керек. Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді.

Ұлтаралық қарым-қатынас – өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай.

Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс.

Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылып, олар бүгін Қордай ауданына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840085-bldirip-alu-oaj-bajbek-kordajdagy-okigaga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel