Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Бейбітшілік пен келісімді бұзуға ешкімнің құқығы жоқ

Опубликовано:

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы шиеленіскен оқиғалар: мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да мәлімдеме жасап, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету өзінің міндеті екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо
Фото: Ақорда: UGC
"Мемлекеттік орган қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді.
Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!", - деп жазды Қазақстан президенті Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар Тоқаев ел азаматтарынан көптеген өтініштер келіп түсіп жатқанын алға тартты.

"Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы өз жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840093-tokaev-bejbitsilik-pen-kelisimdi-bzuga-eskimni-kkygy-zok/

pixel