Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев Қордайдан кетіп қалған тұрғындардан қайта оралуды сұрады (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақталып, ауыл тұрғындарының өмірі қалыпты арнасына түсіп жатыр. Үкімет комиссиясы жұмысының екінші күнін ауылдар мен шекара маңы өткізу пункттерін аралаудан бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC

«Қарасу» шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі «Ауқатты» пунктінде пайда болған.

cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC

Бұлар - осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар. Олардың ішінде әйелдер мен балалар көп. 

cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC

Бердібек Сапарбаев отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады. 

«Сіздерден арандатуларға ермеуді сұраймыз. Бұзылған барлық үйлерді біз қалпына келтіреміз, отбасыларға көмек көрсетеміз.
Біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, залалды бағалауда. Біздің барлығыңызға тағы айтарымыз, кетіп қалған, қазір Қырғызстанда өз туыстарын паналап жатқан жақын-жуықтарыңызға елге қайту керектігін жеткізсеңіздер», - деді Сапарбаев өткізу пунктінде жиналған қауымға. 
cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC

Премьер-министрдің орынбасары аудандағы жағдайдың тұрақталғанына сендірді. 

cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC
«Президент тапсырмасы бойынша мұнда арнайы Үкімет комиссиясы келді, оның құрамында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары бар. Өткен тәулікте ешқандай оқиға да, құқық бұзушылық та болған жоқ.
Жағдай тұрақталды. Құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылды. Тағы да сіздерден арандатуларға ілеспеуді сұраймыз», - деді Сапарбаев.
cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC

Айта кетейік, елге оралып жатқан қазақстандықтар шекарадан жеңілдетілген режимде өтеді.

cfgfh
Фото: primeminister.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840105-saparbaev-kordajdan-ketip-kalgan-trgyndardan-kajta-oraludy-srady-foto/

pixel