RU

"Қысқы Венеция": Қар аралас жаңбырдан соң елорданы су басты (фото, видео)

Ел астанасында қалың қар жауғаннан кейін күннің күрт жылынуы Нұр-Сұлтан көшелерін еріген суға толтырып жіберді. Коммуналдық қызметтер күндіз де, түнде де жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо
Видеодан алынған кадр: instagram.com/astana_press: UGC

Төтенше жағдай режимін жариялауға себеп болған бірнеше апта бойы жалғасып келе жатқан аязды боран мен жауған қардан кейін елордаға көптен күткен жылы ауа райы келіп жетті: аптаның ортасында термометр тіпті плюс температураны көрсетті.

Алайда, күннің жылынуына қуанудың орнына астаналықтар тағы бір проблемаға тап болды: бұл жолы қала көшелері еріген суға толып кетті.

Арнайы технкиалар барлық көшеден суды сорып ала алмай жатыр.

Сонымен қатар, демалыс күндері түнде елордада жаңбыр аралас қар жауды, бұл жағдайды одан сайын ушықтырды.

Күннің күрт жылынуы салдарынан жайсыз жағдайға тап болған тұрғындар Нұр-Сұлтанды "қысқы Венецияға" теңеп, желілде түрлі фото-видеоларымен бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1840120-kysky-venecia-kar-aralas-zabyrdan-so-elordany-su-basty-foto-video.html