RU

Түркістан облысында қатты соққан жел мектепті шатырсыз қалдырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында қатты жел cоғып, Төле би ауданында орналасқан білім ордасының шатырын ұшырып әкеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Төтенше жағдай кеше 9 ақпанда болған.

"Жыланбұзған" жалпы орта мектебінің шатыры қатты желдің соғуынан ұшқаны анықталып отыр.

Сондықтан мектеп оқушылары мен білім ордасының қызметкерлері зардап шекпеген.

Осыған байланысты Төле би ауданы әкімдігі пікір білдіріп, шатыры ұшқан оқу орнында сабақ бір күнге шегерілгенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта мектеп аумағындағы шатыр қирандыларын жинау, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар кезіндегі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі ескеріліп, оқу процесі 11 ақпанда жалғасатын болды", - деді аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда табиғат құбылысынан келген шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған еді.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеген. Сол кезде еліміздің тағы алты өңірінде төтенше жағдай режимін жариялауға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.

Кейін күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты Қарағанды облысының кейбір кенттері мен ауылдық округтерінде төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында қатты соққан жел мектепті шатырсыз қалдырды (фото)
Mailfire view pixel