RU
Қордайдағы жанжал: Алматы облыстық ПД басшысының орынбасары жарақат алған

Қордайдағы жанжал: Алматы облыстық ПД басшысының орынбасары жарақат алған

Рассказать Вконтакте

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан қарапайым азаматтардан бөлек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұған дейін жаппай тәртіпсіздік кезінде оқиға орнына барған полиция қызметкері жарақат алды деген хабар тараған болатын.

Саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram арнасында бөліскен мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен офицерлердің бірі Алматы облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков.

Оның хабарлауынша, подполковник көзінен оқ жарақат алған.

Сонымен қатар Еділов полиция қызметкері Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілгенін, оған ота жасалғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Жүнісбеков ауруханада ем қабылдап жатыр екен.

Әзірге бұл ақпаратты NUR.KZ-ке ІІМ баспасөз қызметі мен Алматы облыстық полиция департаменті растаған да және жоққа да шығарған жоқ.

Айта кетейік 8 ақпанда журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицейдің жарақат алғанын мәлімдеді. Олардың ішінде үшеуіне оқ тиген деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Калайчидидің айтуынша, оқ тиген үш полицей бытырадан жарақат алған. Төртіншісіне тас тисе, бесіншісі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеңіл жарақат алған.

"Оқ тиген полицейлердің жарақаты ауыр емес. Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Біреуіне ота жасалды. Себебі бытыра көздің маңайына тиген. Қалған екеуінің де бытырасын шығарып алды", - дейді ІІМ орынбасары.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы жаппай төбелестің неден басталғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel