RU
Қытай елшісі коронавирус қолдан жасалды деген қауесетке жауап берді

Қытай елшісі коронавирус қолдан жасалды деген қауесетке жауап берді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Қытай елшісі Цуй Тянькай жаңа коронавирустың биологиялық қару болып табылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қытайдағы корона

Көрнекі фото: pixabay.com

Қытай елшісі жексенбі күні CBS телеарнасының эфирінде аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Әрине, әртүрлі қауесеттер бар. Біреу бұл вирустың Қытайда емес, Құрама Штаттардағы әскери зертханадан шыққанын айтады. Біз мұның барлығына қалай сене аламыз? Бұл сандырақ", — деді ол.

Елшінің сөзінше, ғалымдар әзірге коронавирустың жаңа типі қайдан келгенін анықтай алмай жатыр.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол қандай да бір жануарлардан пайда болуы мүмкін. Алайда біз бұл туралы көбірек білуіміз қажет", - деп атап өтті Цуй Тянькай.

Сондай-ақ, дипломат жергілікті жерлерде вирустың пайда болуы туралы алғашқы хабарламаларға тез реакция болмағанын мойындады

"Бұл кез келген жерде болар еді. Дегенмен біз мұны түзету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деп сендірді елші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ-ты коронавирусқа қатысты дүрбелең тудырды деп айыптаған болатын.

Айта кетейік, 7 ақпанда осы жаңа қауіпті вирус туралы алғаш рет ескерткен Ухань қаласының дәрігері Ли Вэньляннің көз жұмғаны хабарланды.

Сондай-ақ, Таиланд тұрғыны аталмыш вирусты қалай жеңгенін айтып берген еді.

72 жастағы әжейге ешқандай дәрі-дәрмектің қажеті болмаған. Оның ағзасы өз күшімен қауіпті вирусты жеңіп шыққан екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel