Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркіменстан президенті өзінің ұлын министр етіп тағайындады

Опубликовано:

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердар Бердімұхамедовті өндіріс және құрылыс министрі етіп тағайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: ТАСС/Yegor Aleyev
Фото: ТАСС/Yegor Aleyev: Instagram

Басылым мәліметінше, 38 жастағы Сердар Бердімұхамедов осыған дейін Ахал облысын басқарып келген.

Түркімен көшбасшысы ұлын кезекті рет жоғарғы қызметке тағайындауын сарапшылар оның "мұрагер" дайындау әрекетіне көшкені деп қабылдауда.

Жаңа қызметте Сердар Бердімұхамедов Ахал аймағының жаңа орталығын құру бойынша амбициялық жобаны іске асырумен айналыспақ.

Өткен аптада Түркіменстан президенті жаңа қаланы құруға 1,5 миллиард доллар бөлу бойынша жарлыққа қол қойған.

Бұған дейін Сердар Бердімұхамедов Ахал облысының басшысы орынбасары және сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ ол - өлке парламентінің мүшесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркіменстан президенітің халықаралық ақалтеке ат спорты кешенінде болып, акробаттардың өнерін тамашалағанын, кейін өзі де тұлпарды тізгіндеп, манежді бірнеше рет айналып шыққаны хабарланған еді.

Жалпы, Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстан халқын өзінің жан-жақтылығымен таңқалдырып отырады. Ол өткен жылдың соңында диджей кейпіне еніп, бір сағат бойы жаңа жылдық шоуды жүргізген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840175-bak-trkimenstan-prezidenti-zini-lyn-ministr-etip-tagajyndady/

pixel