RU

Әуежай қызметкері тексеріс кезінде жолаушыдан кеудесін көрсетуді сұраған

АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында халықаралық әуежайдың көлік қауіпсіздігі қызметінің қызметкері жолаушыға кеудесін көрсетуді міндеттеген. Ол мұқият тексеріс жүргізу үшін осындай қадамға барғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Әуежай қызметкері жолаушыны "жіті" тексеру үшін кеудесін көрсетуін сұрады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

22 жастағы Джонатан Ломели жолаушының жеке куәлігі жоқ екенін білген кезде оның жіті бақылаудан өтуі керек екенін айтыпты.

Ер адам киімнің астында тыйым салынған заттың жоқ екеніне көз жеткізу үшін жолаушыдан жейдесін көтеріп, шалбарын шешуін сұраған.

"Тексеріс" кезінде көлік қауіпсіздігі қызметінің басқа қызметкері келіп, бәрі дұрыс екенін және жолаушыға кете беруіне болатынын айтқан.

Алайда Ломелиді бұл тоқтатқан жоқ. Жас жігіт келіншектің артынан лифтіге дейін барып, тексерісті жалғастыру үшін кабина ішіне бірге кірген.

Ол жерде ер азамат әйелге шешініп, өзін мұқият ұстауға рұқсат беруін сұраған. Жолаушы көнуге мәжбүр болыпты.

Көлік қауіпсіздігі қызметінің өкілі Лори Данкерс заңсыз, әдепсіз, миға қонымсыз әрекеттерге жол жоқ екенін айтып, осы әрекеттерге барған жігіттің қазіргі таңда жұмыстан қуылғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, Джонатан Ломели тұтқындалған. Алайда түрмеден 50 мың доллар кепілдікпен босатылған. Оған қатысты сот осы жылдың 27 ақпанында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Израильде 172 жолаушысы бар ұшақтың апатқа ұшырай жаздағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840180-uezaj-kyzmetkeri-tekseris-kezinde-zolausydan-keudesin-krsetudi-sragan.html