RU
Алматылық "Қайрат" бразилиялық сұрмерген үшін 2,5 миллион еуро ұсынды

Алматылық "Қайрат" бразилиялық сұрмерген үшін 2,5 миллион еуро ұсынды

Рассказать Вконтакте

Алматылық "Қайраттың" басшылығы хорватиялық "Хайдук" клубында өнер көрсететін 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Жайро да Сильва үшін қомақты қаржы ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/jairodasilva92

Фото: Instagram/jairodasilva92

Хорватиялық Sportske Novosti басылымының хабарлауынша, "Қайрат" футболшы үшін 2,5 миллион еуро төлеуге дайын.

Бонустармен жалпы сома тағы бір миллионға артуы мүмкін екендігі де айтылды.

Егер екі тарап келісімге келсе, онда бұл трансфер"Қайрат" клубы тарихындағы ең қымбаты болмақ.

Осыған дейін алматылық ұжымның басшылығы Ресей чемпионатында өнер көрсететін "Урал" командасынан Георгий Жуков пен болгариялық "Лудогорецтен" Яцек Гуральскийді 1 миллион еуроға сатып алған еді.

"Қайрат" көз тігіп отырған Жайро да Сильва осы маусымда "Хайдук" сапында 23 матч өткізіп, 8 . Одан бөлек, шабуылшы екі голдық пастың авторы.

Футболшының өткен маусымда Хорватия чемпионатында 13 рет қақпашыдан айласын асырғанын айта кету керек.

Немістің атақты Transfermarkt.de сайты бразилиялық футболшыны 2 миллион еуроға бағалады.

Еске сала кетсек, санкт-петербургтік "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семак Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның ойынына жоғары баға беріп, оның ауысымы не үшін орын алмағанын алғаш рет мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel