RU

Қордайдағы оқиғадан зардап шеккен қарияның қазіргі жағдайы қандай (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қордайдағы оқиға кезінде зардап шеккен қарияның қазіргі жағдайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ақсақал

Төлеген ата. Видеодан кадр

Азамат Ерғали есімді Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Алматы қаласы №7 клиникалық ауруханасында жатқан ақсақалдың жағдайын сұрап барған.

Белсендінің сөзінше, қария отаға дайындалып жатыр.

"Атамыз тірі, жағдайы аса мәз емес. Біраз соққы алған. Бірақ осындай жағдайда бола тұра, отаға дайындалып жатса да біздің Төлеген ата бәрімізден, халықтан өшікпеуді сұрайды. Ол бәріміз үшін тыныштық, бейбітшілік сұрайды. Адамдарға зияны тиетін өшпенділіктің, жаман әрекеттердің қажеті жоқ екенін айтты. Міне, біздің жомарт қарттарымыз. Олардың сөздеріне құлақ асайық", - деді Азамат Ерғали.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Жамбыл облысында жүрген үкімет комиссия Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап беретінін, құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы оқиғадан зардап шеккен қарияның қазіргі жағдайы қандай (видео)
Mailfire view pixel