RU
Қазақстан Қытайдағы азаматтарды эвакуациялау үшін тағы екі ұшақ жібермек

Қазақстан Қытайдағы азаматтарды эвакуациялау үшін тағы екі ұшақ жібермек

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын коронавирус жұқтырудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, үкімет отанына оралуға ниет білдірген ҚХР аумағындағы қазақстандықтарды эвакуацияламақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

10 және 12 ақпан күндері Қытай билігімен жүргізілген келісім бойынша, Бейжіңге қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін "Air Astana" әуе компаниясының екі ұшағы жіберілмек. Ұшу барысында жолаушыларды медицина қызметкерлері алып жүреді.

Қытай өтініші бойынша, аталған рейстермен Қазақстандағы 47 Қытай азаматы мен ҚХР елшілігінің коммерциялық емес жүгі Бейжіңге жеткізіледі.

Қазіргі уақытта ҚХР аумағында 719 қазақстандық азамат жүр, олардың 391-і отанына қайтуға көмек көрсетуді сұраған. Ал қалғандары- дипломатиялық мекеме қызметкерлері мен олардың жанұялары, студенттер мен басқа да жекеменшік тұлғалар Қытайда қалуға ниет білдірген.

Қазақстан мен ҚХР дипломатиялық мекемелері жұмысты жалғастырып жатыр. Қажет болған кезде тиісті көмек көрсету үшін қазақстандықтармен байланыс орнатылған.

Аталған барлық шаралар ҚХР аумағындағы Қазақстан азаматтарына байланысты барлық мәселелерді шешуге сындарлы көзқарас танытып отырған Қытай тарапымен тығыз байланысу бойынша жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін Түркіменстанда коронавирустан бір адамның қайтыс болғаны жайлы мәлімет пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel