Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды боламын": Тағы бір қалаулымдық жұп ата-ана атанбақ (фото, видео)

Опубликовано:

"Қалаулым" жобасында бір-біріне жолығып, артынан отбасын құрған Әлібек Боранбай мен Камила Саянқызы жақын арада ата-ана атанбақ. Жас жұбайлар көпшілікке тұңғышын күтіп жүргенін ғана емес, сәбидің жынысын да жария етіп қойған. Атышулы жобаның қатысушылары ұлды болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mila_sayanovna/b_alibek/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mila_sayanovna/b_alibek/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлібек Боранбай бірнеше ай бойы жасырып, ақыр-соңы келіншегінің аяғы ауыр екенін растады. Ерлі-зайыптылар балалы болатындарын желідегілерге Instagram парақшасы арқылы ерекше түрде жеткізген.

Олар тұңғышының жынысын білу мақсатында арнайы шарды жарып жатқан сәтінен видео жариялаған. Аталмыш бейнежазба көпшілікті тәнті етіп, сансыз пікірлерге ие болды.

Камила мен Әлібек шарды жарып, ішінен көк түсті қағаздар шыққанда ұлды болатындарын түсінген. Видеодан жас жұбайлардың қуанышында шек жоқ екенін байқауға болады.

Атышулы жобада табысқан жұп үшін аса маңызды сәтте олардың қасынан жақын достары табылған. Болашақ ата-ананы "Қалаулым" бағдарламасының арқасында танысқан тағы бір жас жұбайлар Камила Әділхан мен Мағжан Аймаханов қолдап келген. Қызығы, олар да тұңғышын асыға күтіп жүр. Ерлі-зайыптылар қызды болмақ.

Айта кетейік, жақында ұлды болатын Әлібек пен Камила өткен жылы бесінші қазанда Алматы қаласында үйлену тойын дүркіретіп өткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840215-ldy-bolamyn-tagy-bir-kalaulymdyk-zp-ata-ana-atanbak-foto-video/

pixel