RU

Қордайдағы жанжал: Сапарбаев Дархан Әбдірахымның үйіне барып, көңіл айтты

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Әлжан ана ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Instagram

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. 

Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады", — деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Instagram

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Айта кетейік бұған дейін Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік кезінде көрші ауылдан келген Дархан Әбдірахым есімді азаматтың қайтыс болғанын растаған еді.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1840218-kordajdagy-zanzal-saparbaev-darhan-bdirahymny-jine-baryp-kil-ajtty.html