Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзен ортасында қалып қойған қорықшыға қолын созған орангутанға ел сүйсінді

Опубликовано:

Борнео аралында жылан өзенінде тұрған табиғат қорғаушысына орангутан көмек қолын созған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

орангутн
Көрнекі фото: Getty Images / Anadolu Agency: Facebook

Аты-жөні белгісіз Борнеодағы орангутандарды құтқару қорының қызметкері қорықтағы орманға барған. Ер адам өзенді маймылдарға қауіп төндірген жыландардан тазартпақ болыпты. Қорықшы лас суға кеудесіне дейін батып кеткен.

Осының бәрін жағалаудан бақылап тұрған жабайы орангутан жақынырақ келіп, адамға көмек қолын созған. Алайда мұндай жағдайға бұрынырақ кезікпеген қорықшы маймылдың көмегінен бас тартып, өзеннен өзі шығыпты.

Айта кетсек, бұған дейін Африкада 50 жастағы кениялық Амбосели саябағының ғана емес, сонымен қатар дүние жүзіндегі танымал пілдің бірі өлгенін хабарлаған едік. Тим есімді алып жануар сүтқоректілердің ішіндегі ең үлкені болған.

Сондай-ақ Франция астанасы Парижде өткен көктем-жаз коллекциясының сән көрсетілімі кезінде подиумға сәнбикелермен бірге жылқының да шыққаны белгілі болды.

Сонымен бірге Үндістанның Андхра-Прадеш штатында қораздар жекпе-жегінің 55 жастағы көрермені қаза тапқан еді. Қораздың ұстара тәріздес қаруы ер адамның ішкі қуысына терең еніп кеткен. Сол себепті ол көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840228-zen-ortasynda-kalyp-kojgan-koryksyga-kolyn-sozgan-orangutanga-el-sjsindi/

pixel