RU

Жұрттың зәре-құтын қашыратын елесі бар үйлер жайлы не білесіз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Фотограф Сеф Лавлес тастанды үйлердің нағыз маманы. Ол түсірілім үшін арнайы қорқынышты фильмдердегі үйлерге ұқсас үрей тудыратын нысандар іздейді. Фотограф ұсынған жан ұшырарлық күйдегі үйлердің өзіндік тарихы бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

фотрепке призрак

Фото: bigpicture.ru

1. 1941 жылы бұл үй бордель болған. Бірнеше жылдан кейін аталған үйдің жер төлесінен бірнеше өлі дене табылыпты. Олардың әрқайсысының ағзаларында мінсіз шеңбер бейнеленіп тұрған.

фотрепке призрак

фото: bigpicture.ru

2. Тарихқа сенсек, бұл үйде төрт баласы бар отбасы тұрған. Ата-аналары бір-бірін өлтіргеннен кейін, балалары 10 жылға жуық осы үйде жалғыз өскен.

фотрепке призрак

фото: bigpicture.ru

3. Бұл үйде XX ғасырдың ортасында тағы бір отбасылық жанжал болған. Бенджамин Олбрайт есімді ер адам әуелде ұлын, одан кейін әйелі мен өзін өлтірді. 1958 жылдан бері үйге адам қолы тимеген. Отбасының жеке заттары сол күйі өз орнында тұр.

фотрепке призрак

фото: bigpicture.ru

4. Детройт қаласындағы үйде елестер бар деген сенім пайда болған. 1942 жылы бұл жерде үш кісі өлімі болған. Содан бері үй жабық күйде тұр.

фотрепке призрак

фото: bigpicture.ru

5. 70-жылдары зәулім сарай кішігірім қонақүй болған. Бірнеше тұрғын түсініксіз жағдайда көз жұмған себепті аталмыш үй көптеген алып-қашпа әңгімелердің негізіне айналыпты.

фотрепке призрак

фото: bigpicture.ru

6. "Милан" зәулім сарайы кең танымалдыққа ие. Аңыз бойынша, бұл жерде мыстан өмір сүрген, сол себепті де тұрғындар үйге жақындамауға тырысқан. Алып-қашпа әңгімелерге сенсек, мыстан кемпір қайтыс болғаннан кейін де өз үйінде жерленіпті.

фотрепке призрак

фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, елес болып жұртты шошытқан "блогерлердің" жұрттың ашуына тигенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жұрттың зәре-құтын қашыратын елесі бар үйлер жайлы не білесіз
Mailfire view pixel