RU

Қазақстандықтар Қырғызстаннан оралуда: өткізу пунктінде кезек пайда болды

Үкіметтік комиссия мүшелері "Қарасу" шекара бекетіне барып, ондағы жағдаймен танысты. Бүгінде аталған бекеттегі жұмыс қалыпты. Азаматтардың өтуіне ешқандай кедергі жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

Белгілі болғандай, көрші елден келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Шекара бекетінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындарға сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеу керектігін жеткізді.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

"Қарасу" шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі "Ауқатты" пунктінде пайда болған. Бұлар - осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар.

Облыс әкімі отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады. Сондай-ақ аймақ басшысы бұзылған барлық үйлерді қалпына келтірілетінін және отбасыларға көмек көрсетілетінін баса айтты.
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

Бүгінде аталған ауданда мамандар жұмыс істеп, шығындарды бағалауда. Сонымен қатар облыс әкімі Қырғыз Республикасына кетіп қалғандардың елге қайту керектігін баса айтты. Өйткені ауылдарда құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылған.

Елге оралып жатқан қазақстандықтар шекарадан жеңілдетілген режимде өтіп жатыр.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды.

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Әлжан ана ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасына барып, көңіл айтты.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840246-kazakstandyktar-kyrgyzstannan-oraluda-tkizu-punktinde-kezek-pajda-boldy.html