Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай оқиғасы: Президент Бас прокурор мен премьер-министрді қабылдады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен премьер-министр Асқар Маминді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

басшы
Фото: Ақорда: Twitter

Еліміздің Бас прокуроры президентке Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Мамин Тоқаевқа еліміздің 2020 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және инвестиция тарту мәселесіне орай қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берген.

Мемлекет басшысына Үкіметтің 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалуы жайында баяндалған.

Сонымен қатар премьер-министр президентке Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның жұмыстары туралы айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қордайдағы ахуалға байланысты бірқатар шенеуніктерді қызметінен босатуды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840248-kordaj-okigasy-prezident-bas-prokuror-men-premer-ministrdi-kabyldady/

pixel