Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде Қазақстанда 33 градус аяз күтіледі

Опубликовано:

Синоптиктер 11 және 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанда аяз күтілуде. Бірқатар өңірде ауа температурасы, тіпті, 25-33 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
Алдағы үш тәулікте арктикалық суық фронттар Қазақстан арқылы өтеді. Салдарынан қар жауып, боран мен солтүстік-батыс жел соғады. Оңтүстік облыстарда жауын – шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман және көктайғақ болады",- делінген хабарламада.

Қазақстанның шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді. Ал 13 ақпан күні елдің батысы мен солтүстігінед ауа температурасы жоғарылайды.

Айта кетейік, Ақтауда Приморск ауылындағы теңіз суы қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды.

"Лада" басылымының мәліметінше, осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалыпты.

Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған. Олар балық үшін зиянсыз әрі қауіпсіз.

2018 жылы 1 шағын ауданның жағалауында "Шағала" қонақ үйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі теңіз суы да қызыл түске боялған.

Экологтардың хабарлауынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған. Бұл табиғи процесс екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840252-aldagy-s-knde-kazakstanda-33-gradus-aaz-ktiledi/

pixel