RU
Қордайдағы тәртіпсіздік: 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінген

Қордайдағы тәртіпсіздік: 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінген

Рассказать Вконтакте

Өткен аптада Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер мен хирургтар осы уақытқа дейін көптеген ота жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Зардап шеккендер туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров өзінің Facebook парақшасында жазды. Айтуынша, көп жағдайда адамдар жеңіл жарақатпен дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Сондай-ақ ол оқ жарақатынан болған ауыр жағдайлар туралы да атап өтті. Айтуынша, он төрт адам ауыр хәлде жатыр, оның 12-сі оңтүстік астанада емделуде.

Вице-министр қаза болған он адамның екеуі Қордай аудандық ауруханасында көз жұмғанын жеткізді. Қалғандары оқиға орнында мерт болған. Айтуынша, алматылық медиктер мен мамандар Жамбыл облысына көмекке жіберілген.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды.

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Әлжан ана ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасына барып, көңіл айтты.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel