RU

Көкшетау тұрғыны мас күйінде көпірден пойыз төбесіне секіріп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көкшетау темір жол бекетінде ер адамның көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны видеоға түсіп қалған. Пойыздың төбесіне құлаған оны полиция қызметкері құтқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"10 ақпанда белгісіз ер адам Көкшетау темір жол бекетіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған. Сол сәтте көпірде болған қыз оны райынан қайтаруға тырысқан, алайда, ер адам оның айтқанына көнбей, секіріп кеткен. Сөйтіп, төменде тұрған вагонның үсітне құлаған", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Сол кезде оқиға орнына жақын жерде болған полиция қызметкері Бақдәулет Көшкінбай ер адамды құтқаруға әрекеттенген.

Тәртіп сақшысы ары қарай вагондардың арасына секіруге талпынған азаматты тоқтатып қалған. Сондай-ақ жақын жердегі жоғары вольтты сымдар да өмірге қауіп төндіргенін айта кеткен жөн.

Бақдәулет әріптестері келгенше ер адамды ұстап тұрып, кейін желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірге оны төменге түсірген. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды жедел жәрдем алып кеткен.

Полицияның ақпарынша, ол мас күйде болған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Еске сала кетейік, қаңтардың соңында Талдықорғанда 17 жастағы қыз сабақта терезеден секіріп, көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көкшетау тұрғыны мас күйінде көпірден пойыз төбесіне секіріп кетті
Mailfire view pixel