Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түн ішінде болған жантүршігерлік апат екі адамның өмірін қиды (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік астананың Бостандық ауданында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: sergek_v_almaty/instagram
Фото: sergek_v_almaty/instagram: Instagram

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін түнгі сағат 02.20-да орын алған. Lexus автокөлігі мен Howo бетон араластырғыш машинасының соқтығысуынан 1998 және 1999 жылы туған екі адам көз жұмды. Екеуі де жеңіл автокөлікте отырған.

Lexus көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz: Facebook

Ведомстовның мәліметінше, Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған факт бойынша тергеу бастаған.

Тергеу барысында барлық қажетті сараптамалар жүргізіледі.

Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz: Facebook

Еске сала кетейік, жақында Алматыда жаппай жол-көлік апаты болып, нәтижесінде 8 автокөлік соқтығысты. Алдын ала нұсқаға сәйкес, оқыс оқиға өзін рөлде жайсыз сезінген жүргізушінің кесірінен болған.

Сондай-ақ 18 қаңтарда Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға орнында бір әйел қаза тауып, екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына барған медицина қызметкерлері 1940 жылы туған келіншекті өлі күйінде тапқан. Тағы бір келіншек аурухана бөліміне жеткізілді, жағдайы ауыр. Ал қос көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840300-almatyda-tn-isinde-bolgan-zantrsigerlik-apat-eki-adamny-mirin-kidy-foto/

pixel