Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жүргізді

Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық тағайындаулар жүргізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz: UGC
"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының Шешімдерімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840301-nazarbaev-kauipsizdik-keesinde-birkatar-tagajyndau-zrgizdi/

pixel