Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай ауданындағы оқиғадан кейін "автокөліктер бейіті" пайда болды (фото)

Опубликовано:

Қазақстанның оңтүстігіндегі Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздіктердің салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Бүгін Сортөбе ауылынан өртенген автокөліктердің қалдықтары шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Оқиға орнында жүргізіліп жатқан жұмыстарды Sputnik Қазақстан тілшілері бақылауда. Олар пайда болған "автокөліктер бейітін" суретке түсіріп алған – өртенген көліктердің қалдықтары ауыл сыртына шығарылды.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Ресми деректерге сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде өңірдің төрт ауылында 30 тұрғын үй, 15 дүкен мен 44 автокөлік өртенген.

Белгілі болғандай, автокөліктердің басым бөлігіне дәл осы Сортөбе ауылында зақым келтірілген, ал өртенген үйлер мен ғимараттар Масанчи ауылында көп болып шықты.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Жаппай тәртіпсіздіктен кейін 25 қылмыстық іс қозғалды.

10 ақпан, дүйсенбі күні премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік комиссия Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе, Бұлан батыр ауылдарының ақсақалдарымен кездесу өткізді. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840307-kordaj-audanyndagy-okigadan-kejin-avtoklikter-bejiti-pajda-boldy-foto/

pixel