RU

Қордайда полицейлер мен ақсақалдың екі ұлын ұрған бұзақылар ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Сортөбе ауылында Қордай ауданындағы оқиғаға арналған брифинг өтті. Оның барысында Бердібек Сапарбаев ақсақалдың екі ұлының соққыға жығылуына қатысты оқиғаның мән-жайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: primeminister.kz

Бердібек Сапарбаев. Фото: primeminister.kz

Брифинг кезінде журналистердің бірі аудандағы ақсақалдың екі ұлының соққыға жығылғаны жайлы ақпаратты жергілікті тұрғындардың қызу талқылағанын атап өтті.

Осыған орай ол премьер-министрдің бұрынғы орынбасарынан сол азаматтардың жағдайы, оларға қандай жаза тағайындалатыны туралы сұрақ қойды.

Сапарбаевтың айтуынша, кінәлілер ұсталған. Тергеу аяқталған соң сот оларға қатысты бұлтартпау шарасын белгілейді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қол көтергендердің де ұсталғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оларға қарсы қылмыстық істер қозғалған.

Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан қарапайым азаматтардан бөлек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де зардап шеккен.

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады.

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 25 қылмыстық іс қозғалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайда полицейлер мен ақсақалдың екі ұлын ұрған бұзақылар ұсталды
Mailfire view pixel