Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланды

Опубликовано:

Бүгін, 10 ақпанда жарылғыш зат туралы хабарлама үшін Алматы әуежайының жолаушылары мен қызметкерлерінің эвакуацияланатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Facebook

Әуе айлағында болған жолаушылардың бірі барлық адамдарды шұғыл түрде әуежай аумағынан шығарғанын мәлім етті.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 18.30-да құқық қорғау органдарынан хабарлама келіп түскен. Эвакуация кезінде қонып жатқан рейстер терминалдардан ары, алшақтағы тұрақта күтуде. Кинологтар терминал ғимаратын тексеріп, барлық іс-шараларды жүргізіп болғанша жолаушылар бортта қала бермек.

Еске сала кетейік, Алматы түбінде Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты құрылған үкіметтік комиссия жұмыстың алғашқы қорытындыларын жариялағаннан кейін, әуежай маңындағы жер телімдерінің заңсыз берілуіне қатысты тергеу басталған болатын.

Белгілі болғандай, әуежайдың санитарлық аймағында құрылыс нысандарын тұрғызуға тыйым салынған – ұшу-қону жолағынан 4 шақырым қашықтықта құрылыс салу "қауіпсіздікке нұқсан келтіреді" және мүмкін болған жағдайда тек әуежай комиссиясының қорытындысымен ғана жасалады.

Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, Алматыдан бөлек, Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Атырау қалаларындағы әуежай маңдарында тұрған үйлер заңсыз салынған болуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840318-almaty-uezajynan-adamdar-evakuacialandy/

pixel