RU

Жанат Сүлейменов Жамбыл облысы полициясының басшысы болды

Жамбыл облысының полиция департаментінде кадрлық ауысулар орын алды. Бұған дейін құзырлы органның басшысы болған Арман Оразалиев қызметінен босатылып, оның орнына Жанат Сүлейменов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Depositphotos

Polisia.kz хабарлауынша, Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.

Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес, криминалдық полиция комитеттерін, көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының полиция департаменттерін басқарды.

2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Арман Молдиярұлы Оразалиев ішкі істер министрінің бұйрығымен кадр резервіне ауысумен атқаратын қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840321-zanat-slejmenov-zambyl-oblysy-policiasyny-bassysy-boldy.html