RU

"Бізді қоршап алды": Қордайдағы оқиғадан зардап шеккен ақсақалдың ұлдары бар шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздіктен соң, қайғылы жағдайды әлі де тергеп жатыр. Бұған дейін қарулы қақтығыс салдарынан он адам қаза тапқаны хабарланған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қордайдағы тәртіпсіздіктің зардаптары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Қордайдағы тәртіпсіздіктің зардаптары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Бастапқыда жаппай төбелеске тұрмыстық келіспеушілік себеп болған деп хабарланған болатын. Оның барысында ақсақал мен оның ұлдары зардап шекті деген ақпарат тараған. Артынан Бердібек Сапарбаев күдіктілер ұсталғанын мәлім етті. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы кейінірек жарияланбақ.

Белгілі болғандай, құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысты 25 қылмыстық іс қозғаған. Олар "Адам өлтіру", "Жаппай тәртіпсіздікке шақыру", "Бұзақылық", "Билік өкіліне күш көрсету" , "Бөтен меншікті қирату, жою" мен "Қаруды заңсыз жасап шығару" баптары бойынша бірқатар тергеу жұмыстарын жүргізу керек.

Бүкіл Қазақстандық дүрсілкіндірген қаралы оқиға жайлы зардап шеккен қарияның ұлдары баяндап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Қаракемер ауылында тұратын 78 жастағы Төлеген атаның ұлы 42 жастағы Нұрлан Құдашбаев бесінші ақпан күні 47 жастағы Марлен Құдашбаев есімді ағасымен бірге әкесін Сортөбе елді мекенінде орналасқан ауруханаға алып кеткен.

Алайда, ер адамдар тұрғын үйлердің біріне келіп тоқтай бергенде, оларды жергілікті тұрғын тоқтатып алған. Анықталғандай, азамат ТҚКС орталығының басшысы болып шыққан. Ол көлікті шығармақ болып, нәтижесінде келіспеушілік туындаған.

"Мен мәселені шешпек болып, көліктен шыққанмын. Артымнан бір адам келді. Ағам бізді ажыратпақ болып шыққанда, тағы бірнеше адам жүгіріп келді. Бізді қоршап алды" , -деп есіне алды Нұрлан .

Нұрлан қақтығыс кесірінен өтіп бара жатқан көліктер тоқтай бастағанын айтты. Алайда, келіспеушілік әкесі көліктен шыққанда ушыға түскен. Оның сөзінше, жігіттердің біреуі қарияны теуіп жіберіп, ағасының басын жарып тастаған.

Артынан оқиға орнына бөлімше полицейі келіп, тәртіпсіздікті тоқтатты. Одан кейін жедел жәрдем шақыртып, ер азаматтардың әпкесіне хабар берілген.Төтенше жағдай орнына келіп жеткен келіншек әкесінің қандай халде жатқанын көріп, шүйлігіп шыққан.

Шабуыл салдарынан Төлеген ата аяғы мен жамбас сүйегін сындырып алған. Марленде ми шайқалу анықталып, Нұрланның қабығы жыртылып кеткен.

Зардап шеккен ағайындыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тәртіп сақшылары олардан мән-жайды білу мақсатында жауап алуға алып кеткен. Тергеу шарасы кезінде ер адам төрт адамды таныған. Алайда, оның сөзінше, шабуылдағандардың саны оннан асады.

Одан бөлек, Сортөбе ауылындағы дұңғандардың ақсақалы аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар оған қарияның абайсызда құлап, жарақаттанып қалғанын жеткізген.

Мәселені бейбіт жолмен шешу үшін ақсақал көрші ауылға делегация жіберген. Алайда, жағдай керісінше ушыға түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бізді қоршап алды": Қордайдағы оқиғадан зардап шеккен ақсақалдың ұлдары бар шындықты айтты
Mailfire view pixel