RU
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді

Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

10 ақпан күні Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров қызметінен босатылғаны белгілі болды. Кейіннен экс-әкім орынбасарының жұмыстан кетуіне не себеп болғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: Алматы телеарнасы

Бағдат Манзоров. Фото: Алматы телеарнасы

Қызметтен кеткен шенеунікпен "Астана" телеарнасының журналистері тілдесті.

Манзоров оларға жұмыстан кету туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты. Енді азамат өз денсаулығымен айналысқысы келеді.

"Екі жыл бойы демалған жоқпын, кішкене емделгім келді",- деді ол.

Бір жылға жуық өңір әкімі орынбасары қызметінде болған Манзоров оған дейін тоғыз жыл оңтүстік астананың Алатау ауданын басқарған.

Еске сала кетейік, өткен жылы Алматы облысының әкімі Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

2019 жылдың 28 қазанында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Кейін Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, "тапсырыс" болғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдіріп, ешқандай "тапсырыс" болмағанын атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel