Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды

Опубликовано:

Елордада ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды. Ал екінші ауысымда білім алушыларға әлі сабақ жөнінде хабарландыру берілген жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: UGC

Аталған хабарлама елордалық білім басқармасы Facebook парақшасында пайда болды.

Ведомство 11 ақпан, сейсенбі күні сабақтарды тоқтатуға ауа райының күрт бұзылуы себеп екенін мәлімдейді.

Әзірге тек алғашқы ауысымда білім алатын оқушыларға ғана сабақ болмайтыны анық. Ал екінші ауысымда білім алушыларға қатысты мәлімет түске қарай пайда болады.

Gismeteo метеорологиялық сайтының мәліметіне сәйкес, қазір Қазақстан астанасында 24 градус аяз. Күні бойы температура 24-16 градус нөлден төмен болады деп күтілуде.

Порталдың ақпарынша, түске қарай Нұр-Сұлтанда жел күшейеді.

Айта кетейік, сабақтың тоқтатылғаны туралы ата-аналар мен мектеп оқушылары әкімдік мен білім бөлімі басқармасының сайттарынан біле алады. Ақпарат ведомстволардың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында да жарияланады.

Сабақ тоқтатылғаны туралы мәлімет қазақстандықтардың телефонына Төтенше жағдайлар департаментінен SMS түрінде келеді.

Айта кетейік, синоптиктер 11 және 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанда аяз күтілуде. Бірқатар өңірде ауа температурасы, тіпті, 25-33 градусқа дейін төмендейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840358-nr-sltanda-birinsi-auysymdagy-okusylarga-sabak-toktatyldy/

pixel