RU

Коронавирустан көз жұмғандардың саны мыңнан асып кетті

Қытайдағы коронавирус эпидемиясы 1016 адамның өмірін қиды. Сондай-ақ, қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 42,5 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан көз жұмғандардың саны мыңнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетте коронавирус эпидемиясына қатысты жаңа мәліметтер хабарланды деп жазады РИА Новости басылымы.

Бұған дейін бір күн бұрын қайтыс болғандар саны 908 адам болған.

Жұқтырудың жаңа жағдайлары туралы ақпарат Қытайдың 31 провинциясының бірінен келіп жеткен. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 42 638 адамнан коронавирус анықталған. 7 мыңнан астамы ауыр халде жатыр.

Сондай-ақ, ауруды жеңген адам саны да өсіп келеді. Соңғы ақпарат бойынша, 3996 науқас ауруханадан айығып шыққан.

Атап өтілгендей, кісі өлтіруші вирусы бар адаммен араласқан 187,7 адам дәрігерлердің бақылауында жүр.

Естеріңізге сала кетейік, Түркіменстанның Лебапский уәлаятында Қытайдан эвакуацияланған Түркіменстан азаматтары мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының қытайлық жұмысшыларына арналған лагерь аумағында коронавирустан бір адам қайтыс болған.

Сондай-ақ Германияда 13 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған.

Ал Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Бадахшан провинциясында пневмонияға ұқсас белгілері бар аурудан кем дегенде 13 бала көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840361-koronavirustan-kz-zmgandardy-sany-mynan-asyp-ketti.html