RU
Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы Қордайдағы оқиғаны талқылады

Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы Қордайдағы оқиғаны талқылады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлйды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

жээнбеков

Қасым-Жомарт Тоқаев, Сооронбай Жээнбеков. Фото: akorda.kz, ҚР президенті баспасөз қызметі / Султан Досалиев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады.

Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы ІІМ-геЖамбыл облысындағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel