RU
Бойжеткен ота арқылы артық екі кеудесін алдыртты

Бойжеткен ота арқылы артық екі кеудесін алдыртты

Рассказать Вконтакте

Англиялық Хитчин қаласынының 22 жастағы тұрғыны артық екі кеудесін ота арқылы алдыртты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Әйелге екі кеудесін алыпа тастажы

Фото: Lenta.ru

22 жастағы Фиби Эллис алғаш рет 12 жасында қолтығының астынан теннис добының көлеміндей безді байқаған. Ал 15 жасында қолтық асты шұңқырында екінші бездің барын көріпті. Эллисте етеккір циклы басталған кезде бездері ауырып, қолайсыздық тудырған.

Бойжеткен бірнеше рет дәрігерлерге жүгінген, алайда олар өз кезегінде ешқандай диагноз қоймай, ультрадыбыстық зерттеу жүргізбеген.

Ол артық екі кеудесінен арылмақ ойда болған, алайда ақ халаттылар мұның косметикалық ота екенін айтып, тегін жасаудан бас тартыпты.

Өз денесінен ұялған Эллис әр кез шомылуға бармас үшін түрлі сылтау ойлап табатын.

Ол ер адамдармен де қарым-қатынас құра алмайтын болған. Бойжеткен денесінің үстіңгі бөлігін жасыру үшін үлкен футболкалар киіпті.

Ата-анасы Эллиске көмектесуді ойлап, отаға қажетті соманы жинап берген. Осылайша ол 21 жасында жекеменшік дәрігер Аамер Ханның көмегіне жүгінеді.

Хан Эллиске сүт безінің қосымша қолтық асты тіні диагнозын қойып, оны жою бойынша ота жасады. Бұл ауытқу әйелдердің 2-6% кездеседі. Бұл артық кеуделердің, тіпті, емізігі болуы мүмкін.

Бездерді алып тастағаннан кейін олардың орнында сызаттар қалып қойыпты. Десе де Эллистің өмірі жақсы жаққа өзгеріп, бүгінде ол өзін бақытты сезінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үндістандық қарттың бірнеше жыл бойы көзіндегі тірі құртпен жүргенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel