RU

Алматылық тұрғын көлігінен 26 млн теңге жоғалғанын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық тұрғын бірнеше минутқа тұрақта қалып кеткен көлігінен 26 миллион теңгенің жоғалғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматылық тұрғын көлігінен 26 млн теңге жоғалғанын айтты

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Азамат Н.-ның сөзінше, (есімі жәбірленушінің өтініші бойынша жасырылды - ред.), өткен жылдың 15 қараша күні ол жекеменшік мектепке ұлын әкету үшін келген. Көлігін мектеп тұрағына қойып, бірнеше минуқа ішке кіріпті. Ал ақша салынған сөмке көлікте қалып қойған.

"Көлікке қайтып келгенімде о баста сөмкенің жоқ екеніне мән бермеппін. Өйткені көлікті жауып кеткенмін, ал келгенде ол қалыпты күйде ашылды. Кейінірек артыма қарасам, сөмке жоқ. Полиция шақырдым.

Тергеу кезінде видеокамерадағы жазбаларды тексергенде, артымнан біреулердің бірнеше көше бойы аңдып келгені анықталды.

Ақ көлік соңымнан еріп, жақын маңайда тоқтады. Ал жігіттердің бірі менімен бірге мектепке кірді. Сол сәтте екі адам сканердің көмегімен көлікті ашып, қайта жауып қойыпты", - деп хабарлады Н.

Ол өзімен бірге мектепке кірген адамның көлікке қайта мінбей, өзге бағытта жаяу кеткенін есіне алды.

"Оны бір айдан кейін ұстау мүмкін болды. Ол Меркіде жүріп, Қырғызстан шекарасына өтпек болған. Мен және жедел қызметкер оны Алматыға әкеліп, полицияға тапсырдық. Ал тергеу соты оны қамаққа алу туралы үкім шығарды.

Анықталғандай, бұған дейін ол дәл осы бап бойынша сотталған, алайда шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден шығып, бұрынғы әуеніне қайта басқан.

Ол өз кінәсін мойындамай отыр, тергеу де оны кінәлауға еш дәлел жоқ екенін алға тартты, алайда оның сөмкесінен оның күртешесі табылып отыр. Барлығы сәйкес келеді - сол күртеше, сол дене бітімі, сол жүріс.

Белгілі болғандай, олар мінген көлікті дәл осы ұсталған азамат жалға алыпты. Десе де ол жай ғана жүргізуші болып жүргенін және кімді әкеп тастағанын білмейтінін айты. Қалған екеуі әлі ұсталған жоқ", - деді Н.

Қазіргі таңда ер адам қолды болған қаражатты қайтара алмай қаламын ба деп алаңдап отыр. Сондай-ақ, ол күдікті адам дәлелдің жоқтығынан бостандыққа шығады деп сескенеді. Себебі ер адам азамат Н.-ның мекенжайы мен көлік нөмірін біледі екен. Жәбірленуші жақындары мен отбасынының қауіпсіздігі үшін алаңдауда.

Өміріңізден алынған қызықты оқиға бар ма? +7 747 306 0668 (NUR.KZ) Whatsapp нөміріне жазыңыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық тұрғын көлігінен 26 млн теңге жоғалғанын мәлімдеді
Mailfire view pixel