RU
"Өмір бойы жүрегінде аялап жүр": Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтады

"Өмір бойы жүрегінде аялап жүр": Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде анасын ерекше құттықтап, жан тебірентерлік жазба арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан анасын туған күнімен желіде ерекше құттықтады

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Өнер иесін Instagram желісіндегі парақшасында анасының Қарақат Әбілдина мен Жазира Байырбековамен түскен суретін жүктеп, жүрек жазды жазба қалдырды.

"Мені 9 ай бойы құрсағында, өмір бойы жүрегінде аялап жүрген Анашымның туған күнімен құттықтап қояйық!

Ақ мамам, үйіміздің берекесі, бәріміздің тілекшіміз, немерелерінің сүйікті әжесі болып ортамызда күлімдеген жүзіңмен жадырап-жайнап жүре беріңізші.

Аллаһым ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсе болғаны, қалғанының бәрін біз өзіміз қолдан келгенше жасаймыз!
Папам екеуіңіз берген тәрбие-білімге, өнерге баулығандарыңызға, бойымызға жақсы қасиеттерді құя білгендеріңізге мың алғыс! Мен сізді шексіз сүйем, Анашым!", - деп жазды әнші.

Жанкүйерлері де жұлдыздың анасын туған күнімен құттықтап, ақ жарма тілектерін жарыса жазды.

"Мақпал апаның туған күні құтты болсын! Жүз жасасын", "Алла Тағала екі дүние бақытын нәсіп етсін. Жәннәттің 8 қақпасын таңдап кіруді нәсіп етсін. Бақыттың базарында, Алланың назарында болсын әрдайым", "Өмір жасы ұзақ болын", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, отандық шоу-бизнес жұлдызы Серік Ибрагимов алғаш рет қалың көпшілікке әкесін көрсетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel