Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметінен босатылған жамбылдық ПД экс-бастығы тұрғындармен қоштасты

Опубликовано:

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты. Жұмыстан шеттетілгендер қатарында Жамбыл облыстық полиция департаментінің экс-бастығы Арман Оразалиев те бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Арман Оразалиев
Фото: Facebook/ Арман Оразалиев: Instagram

Аймақтағы аухуалға байланысты қызметінен кеткен Оразалиев облыс тұрғындарымен қоштасып, оларға қызмет барысында көрсеткен қолдауы үшін зор алғысын білдірді.

"Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын. Жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын. Мен еліміздің көптеген облысында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым.
Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін",- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік болды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 40- тан аса азамат түрлі жарақат алды. Зардап шеккендер қатарында тәртіп сақшылары да бар болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840392-kyzmetinen-bosatylgan-zambyldyk-pd-eks-bastygy-trgyndarmen-kostasty/

pixel