RU
Тағы 217 қазақстандық азамат Қытайдан эвакуацияланды

Тағы 217 қазақстандық азамат Қытайдан эвакуацияланды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі елде коронавирустың таралуын болдырмау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді. Біртановтың сөзінше, бүгін Қытайдан 200-ден астам Қазақстан азаматы эвакуацияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

китай

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Бүгін Бейжіңнен 217 азамат эвакуацияланды", - деді Елжан Біртанов.

Оның сөзінше, олардың барлығы ауруханаларда 14 күн бойы карантинде болмақ. Министр вирус жұқтырған жағдай тіркелмегенін хабарлады.

Қазақстан билігі бірінші кезеңде эвакуациялағандар арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмегенін мәлімдеді. Олардың қатарында тек қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан мен Ресей азаматтары да бар.

Жалпы алғанда, ел аумағында қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін үкімет резервінен қосымша қаражат бөлінген. Одан бөлек Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық кіру пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келгендердің барлығына мониторинг ұйымдастырылған, сондай-ақ осы ауру жұқтырған деген күдікке ілінгендерді қабылдайтын медициналық ұйымдардың дайындығы пысықталған. Осы мақсатта тағы қосымшша 4,5 мың төсек-орын дайындалды.

Дәрігерлер инкубациялық кезеңде Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда. Олардың арасында да ауру жұқтырғандар жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі ҚХР-дан Өзбекстан мен Ресейге эвакуацияланған қазақстандықтардың да жағдайын бақылап отыр.

"Біздің азаматтар бақылауда, шағымдар түскен жоқ", - деп түйіндеді министр Біртанов.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бүгінгі күні 342 Қазақстан азаматы ҚХР-дан шығудан бас тартқанын хабарлады.

Елшілік Білім министрлігі мен университет әкімшілігімен бірлесіп, оларды қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Оның айтуынша, Қытайдағы азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кедергі келтіретін проблемалар жоқ.

Қытай аумағында пневмониямен ауырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

"ҚР СІМ және республиканың Қытайдағы шетелдік мекемелерінде ҚР азаматтарына кеңес беру үшін "жедел" желілер құрылды. Азаматтарға тиісті ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Қытайдағы шетелдік мекемелердің сайттарына орналастыру арқылы беріледі. Бүгінде СІМ ұсынысы бойынша Қазақстанның 450 азаматы отанға оралды", - деді Тілеуберді.

Еске сала кетсек, бүгін соңғы ақпараттар бойынша қауіпті коронавирустан көз жұмғандар саны 1016 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel