Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт биатлоншы ішімдік ішкені үшін Қазақстан құрамасынан шығарылды

Опубликовано:

биатлонист
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

10 ақпан күні Қазақстан биатлоншылар Одағының тәртіптік комиссиясының кезектен тыс жиналысы болып өтті. Ол жерде қазақстандық төрт спортшыға қатысты мәселе қарастырылды. Олар Австрияда өткен жиында спорттық режимді және тәртіп бұзған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Спорттық режимнің бұзылғаны туралы ақпарат ҚР биатлоншылары бірлестігінің ресми сайтында пайда болды.

Комиссия ұлттық құрамадан, сондай-ақ, биотлон бойынша барлық республикалық және халықаралық жарыстардың төрт спортшысын шығаруға шешім қабылдады.

Антон Пантов — төрт жылға, сондай-ақ, Тимур Куц, Владислав Витенко мен Роман Еремин — бір жылға шеттетілді.

Барлық спортшылар құрамадан шықты.

Қазақстанның биатлоншылар Одағы, ҚР ҰОК және мәдениет және спорт министрлігі шешімді бірыңғай қабылданып, спортшылардың тәртіптік және спорттық тәртіпті бұзғаны үшін жауап беретінін атап өтті.

"Қазақстанның биатлоншылар Одағы спорттық тәртіп пен оның ішінде халықаралық алаңда ҚР туымен өнер көрсететін сопртшылардың ішімдік ішуіне деген іс-әрекетіне төзбейтінін атап өтеді. Моралды-этикалық, спорттық-командалық нормалардың кез келген бұзушылығы, сонымен қатар, антидопингтік ережелердің бұзылуы дисквалификацияға және әкімшілік нормалардың қолданылуына әкеп соғады", - деп атап өтті спорттық бірлестіктің баспасөз қызметінде.

Биатлоншылар командасының жаттықтырушы штабына қатысты тәртіптік шара жеке қабылданады.

Қазақстанның биатлоншылар Одағы спортшыларының тәртібіне қатысты өкініш білдірді және жауапкершіліктен бас тартпайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін шара қолданатынын айта кетті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазақстандық биатлоншы Кристина Боровикованың төрт жылға спорттан шеттетілгені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1840404-trt-biatlonsy-isimdik-iskeni-sin-kazakstan-kramasynan-sygaryldy/

pixel