RU

Ресми түрде қалыңдық: Актриса Динара Бақтыбаеваға сырға салынды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық актриса Динара Бақтыбаеваға сырға салынды. Өнер иесінің ресми түрде қалыңдық атанған сәтінен фотолар жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми түрле қалыңдық: Актриса Динара Бақтыбаеваға сырға салынды (фото)

Фото: instagram.com/dika_strai

Демалыста, 9 ақпан күні, актриса Динара Бақтыбаеваның "сырға салу" рәсімі өткен.

Су жаңа қалыңдық әлеуметтік желіге маңызды сәтінен фотолар жүктеді. Кадрларда екі тараптың ресми түрде құда атанғанын білдіретін "сырға салу" рәсімі бейнеленген.

"09.02.20. Сырға салу. Қандай әсерлі және жантебірентерлік сәт. Енді мен ресми түрде қалыңдықпын! Менің сүйіктілеріме осындай нәзік әрі әдемі образ үшін алғыс білдіргім келеді. Бұрындары осындай киімдермен суретке түсуші едім, ал енді оны өз тәжірибемде қолдандым", - деп жазды бақытты Динара.

Өз кезегінде Бақтыбаеваның бақытты сәтін көрген оқырмандар пікір жазудан тыс қалмай, ақ тілектерін жаудырған.

"Құттықтаймын, бақытты бол!", "Динарочка, саған әйел бақыты мен мықты денсаулық тілеймін. Отбасыларың мықты әрі берекелі болсын!", "Құттықтаймын, Динара. Бақытты бол, сен осыған лайықсың", - деді оқырмандар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Динара Бақтыбаеваның болашақ күйеуін көрсеткенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресми түрде қалыңдық: Актриса Динара Бақтыбаеваға сырға салынды (фото)
Mailfire view pixel