Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетіне, аяғына оқ тиген": Қордайдағы оқиғада полицейлер қандай жарақат алды

Опубликовано:

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының 19 қызметкері түрлі дене жарақатын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

8 ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау үшін оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері барды.

Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алғаны, оның тоғызы атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды. Арнайы жасақ инспекторларының бірінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы екі санның жоғарғы жартысынан жарақат алды.

Жағдай тұрақталып, бақылауға алынғаннан кейін, полиция қызметкерлері орталық аудандық аурухананың қызметіне жүгінді. Қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдердің арқасында қақтығыс кезінде алған жарақаттар санаты адам өміріне аса қауіпті емес екені анықталды. Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда.

Сонымен қатар, жарақат алғандар қатарында Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков те бар. Оған ота жасалды, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Жүнісбеков сол түні болған жағдайды "Время" басылымына айтып берді.

Полицейлер тәртіпсіздіктің ортасына келе жатқанда, оларға белгісіз біреулер оқ ата бастаған. Осы мезетте облыстық полиция бастығының орынбасары сол көзінен жарақат алып, қан кете бастайды.

Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840409-betine-aagyna-ok-tigen-kordajdagy-okigada-policejler-kandaj-zarakat-aldy/

pixel