Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын отандық жұлдыздармен бірге туған күнін дүркіретіп тойлады (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген 38 жасқа толды. Өнер иесі күні кеше туған күнін оңтүстік астанадағы танымал мейрамханалардың бірінде дүркіретіп тойлады. Көпбалалы әке жеке мерекесін кілең шоу-бизнес жұлдыздарының арасында атап өтуді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official/akbotanurabaykyzy/nursultan_azia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official/akbotanurabaykyzy/nursultan_azia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепберген туған күнін тойлаумен қатар, мерекелік кеште су жаңа бейнебаянының тұсауын кескен. Әнші "Argonya" лақап атымен көпке танылған орындаушымен дуэт жазып, оған арнайы клип те түсіріп үлгерген.

Өнер иесі тың туындысын көпшілікке ұсынып, оң бағаға ие болды.

Айқынды 38 жасымен құттықтауға Дәурен мен Ақбота Айдарқұловтар, Ерік Тастембеков, "Азия" мен "Бақай" тобы, Рүстем Жаныаманов, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдар, Олжас Абай, Айша мен Ғалия Байбосыновалар, Серік Ибрагимов және тағы да басқа өнер жұлдыздары барған.

Өнер саласының өкілдері Instagram желісінде дүбірлі кештен суреттер мен видеолармен белсенді түрде бөлісіп жатты.

Айта кетерлігі, Айқынның туған күні шулы жерде өтпеген. Ол жаңа жасын сауда орталықтарының бірінде орналасқан мейрамханада атап өткен. Оған қоса, кеш қонақтарының сөзінше, мерекелік шара "КВН" ойындарымен қызыққа толы болған.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Айқын мен Жұлдыздың көлікте айқайлаған видеосы тарап кеткен болатын. Оқырмандар жұлдызды жұпты сынап тастаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840422-ajkyn-otandyk-zldyzdarmen-birge-tugan-knin-drkiretip-tojlady-foto/

pixel