RU

"Манчестер сити" Таразда дүниеге келген футболшыға қызығушылық танытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда өмірге келген Равиль Тагир Пеп Гвардиола баптайтын "Манчестер Сити" мен басқа да бірқатар англиялық клубтардың назарына ілікті. Футболшы қазіргі уақытта Түркия чемпионатындағы "Алтынорда" командасында доп тебеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/raviltagir

Фото: Instagram/raviltagir

Yeniasir.com.tr порталының мәліметінше, 16 жастағы футболшыға Англия премьер-лигасында өнер көрсететін "Манчестер Сити", "Лестер Сити" және "Кристал Пэлас" қызығушылық танытып отыр.

Аталған клубтар маусым соңында түркиялық "Алтынорда" командасына Равиль Тагирді сатып алу туралы ұсыныс жасайды деп күтілуде.

Одан бөлек, талантты жас ойыншы неміс ұжымдарының да назарына іліккен.

Айта кетейік, Равиль Тагир Тараз қаласында өмірге келіп, отбасымен бірге Түркияға көшіп кетіпті.

Ол "Алтынорда" клубының тәрбиеленушісі болып табылады.

Осы маусымда 16 жастағы футболшы Түркия чемпионатында 8 ойынға қатысып үлгерген.

Равиль Тагир Түркияның 21 жасқа дейінгі құрамасында 2 матч өткізді.

Оны атақты Transfermarkt порталы 1,4 миллион еуроға бағалаған.

Еске сала кетсек, санкт-петербургтік "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семак Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның ойынына жоғары баға беріп, оның ауысымы не үшін орын алмағанын алғаш рет мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Манчестер сити" Таразда дүниеге келген футболшыға қызығушылық танытты
Mailfire view pixel